Кешке Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің та-рих, экономика және құқық факультеті Қазақстан Республи-касы тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих магистрі Да-ниял Тәнзенов және кітапхана оқырмандары қатысты.
Даниял Жупмағамбетұлы өз сөзінде тарихымыздың қа-сіретті кезеңі жайлы, саяси-қуғын сүргінге ұшыраған ұлт зия-лылары мен қайраткерлері туралы, әлі күнге есімі елге бел-гісіз жазықсыз атылғандарды анықтау жұмыстары жалға-сып жатқандығына тоқталып өтті.
Шара барысында қазақ зиялылары туралы «Қанмен жазылған хат» және «Алаш арыстары: соңғы суреттері» атты бейнеслайд оқырмандар назарына ұсынылып, «Та-рих ақтаңдақтары» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Шара Тәуелсіз мемлекеттің әр перзенті сол нәубетті зұлмат жылдарды толық түсініп, осы қанқұйлы жылдар-дың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адам-дардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына те-реңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы екенді-гін насихаттау мақсатында өткізілді.
Ұлт жанашырларының өзі өлсе де, қалдырған мұрасы ешқашан өшпек емес.
Л. АБДУЛОВА,
Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының әдіскері

PDF нұсқасын оқу