Еңбек мектеп оқушылары мен студенттерге, магистранттар мен тарихшыларға арналған. Алашорда Батыс бөлімінің 100 жылдығына орай шығарылған кітапта өлкедегі тәуелсіздік бастауы болған Алашорданың алғашқы мемлекеттік құрылымы – «Ойыл уәлаяты» атты Уақытша үкіметтің және 1918 жылы құрылған Күнбатыс Алашорда үкіметінің атқарған қызметі мен тарихтан алатын орны құжаттық негізде баяндалады. Сондай-ақ Жаһанша Досмұхамедовтың өмірбаяны, саяси қызметі, атқарған еңбегі туралы құнды мәліметтерге қоса, Батыс Алашорданың елу қайраткері туралы мол мәліметтер архив деректері негізінде берілген.
Кітап «Шұғыла Принт» баспаханасында басылған.
Нұртас САФУЛЛИН

PDF нұсқасын оқу