Алматы қаласынан, «Арыс» баспасынан жарық көрген 14 баспатабақтық кітапта еліміздегі алғашқы мектептердің қатарында болған білім ордасының арғы-бергі тарихы түгел қамтылған. Бұл мектепте Алма Оразбаева сабақ берген, Қазақ АССР-інің тұңғыш төрағасы Сейітқали Меңдешов білім алған, Шамғон Қажығалиев, Жанғали Набиуллин, Қалимолла Халықов сынды танымал азаматтар шыққан. Осы кітаптың жарық көруіне – мектеп түлегі, меценат Думан Қарағойшин көмектескен екен. Осы жинақты құрастырушы, мектеп директоры Аида Ғұбашева «Мектепке жол», басқа да қайырымдылық шараларына қол ұшын беріп жүретін Думан Кенжебайұлына зор алғыс айтады.

PDF нұсқасын оқу