Армысыз, қадырменді оқырман!

Журналымыздың осы санының ауқымды бөлігі – білім тақырыбына, оқу ордаларының басты тұлғалары – ұстаздар қауымының өзінің білімін жетілдірумен айналысатын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тыныс-тіршілігіне арналады.

Сондай-ақ, назарларыңызға Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» жарлығының аясында атқарылып жатқан іс-тірліктен хабар беретін «Архивте өткен Алматы сапары», «Көптің ісі» және осы тақырыппен үндес «1921-1922 жылдардағы Орал губерниясындағы ашаршылық» мақаласын ұсынамыз.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына ақпараттық қолдау көрсету, әулие, киелі жерлерді насихаттау ісін – өзіне басты бағыт етіп алған DANAqaz басылымының осы санынан Бисеке әулие жайлы мәліметтерге қаныға аласыз.

 Құрметпен,

 Нұрлан Сәдір

 

 

Қаралым саны 579